Таза Қазақстан

20.03.2026

«Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі»КМҚК «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірқатар экологиялық іс-шаралар өткізілді.
Студенттер мен оқытушылар «Жер сағаты» акциясына қатысып, «Красный бор» қорық аумағында қарағай көшеттерін отырғызды, сондай-ақ «Қамқор» және «Еңбекпен қамқорлық: 90 минут игі іс» жобалары аясында колледж аумағы мен жақын маңдағы саябақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар білім алушылардың экологиялық мәдениетін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған «Таза LIKE» іс-шарасы жүзеге асырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.



Текст
Виртуальная приемная